Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Си Цзиньпин АӨСШК елдерін ортақ көліктік әлеуетті дамытуға шақырды

2019 жылдың 15 маусым 2019 17:20

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Ашық әрі толерантты Азияны құру - біздің ортақ ұмтылысымыз. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Душанбеде АӨСШК саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Даму - барлық мәселелерді шешетін кілт. Бізге бұл бағытта күш-жігер біріктіруді жалғастыру қажет. «Бір белдеу - бір жол» форумында айтылған уағдаластықтарды эүзеге асыру қажет. Ашық әрі толерантты Азияны құру - біздің ортақ ұмтылысымыз. Ашықтық біздің жолымызды кеңейте берсін. Барлық салаларда инновацияны нығайту қажет. Түрлі өзекті мәселелерді реттеу үшін, Азиядағы қиындықтарды еңсеру үшін жаңа жауаптар табу қажет», - дейді Си Цзиньпин.

Сонымен бірге, Қытай көшбасшысы АӨСШК елдерін бірлескен көліктік әлеуетті белсенді қолданып, дамытуға шақырды.

Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес 1992 жылдың 5 қазанында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында бекітілген.

АӨСШК өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылған. Оның құрамындағы 27 мемлекет Азия аумағы мен халқының 90% қамтиды. Тағы 8 мемлекет пен БҰҰ қосқанда 5 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие. Мемлекет пен үкімет басшыларының саммиті төрт жыл сайын өтеді. Соңғы АӨСШК саммиті 2014 жылы 21 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өтті.

Жоғары қарай