Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

ШЫҰ Бас хатшысы: Жастар цифрлық экономиканы дамытуда көшбасшы болуы тиіс

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 08:51

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің жастары цифрлық экономика қалыптастыруда алдыңғы орындарда болуы тиіс. Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов «АГОРА: ғылыми көзқарас» дүниежүзілік жастар конференциясының ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Конференция Қытай астанасында ШЫҰ хатшылығының қолдауымен өтіп жатыр. Оның тақырыбы «ШЫҰ кеңістігіндегі электронды сауда мен цифрлық экономика – сын-тегеуріндер мен перспективалар».

«5G желілері, интернет, робот техникасы, био- және нанотехнологиялар негізінде жасанды интеллект синергиясымен байланысты цифрлық революцияның жаңа дәуірі жақындап келеді. Виртуалдық және шынайы экономика бірігіп жатыр. Қазір әрбір ел цифрландыру саласында сәйкес тұжырымдар, стратегиялар қабылдауда. Осы процестер кезінде жастар көшбасшы орындарда болуы тиіс», - деп атап өтті В.Норов.

«ШЫҰ кеңістігінде 15-24 жас аралығындағы 800 млн астам жастар тұрып жатыр. Олар тұрғындардың басқа бөлігіне қарағанда цифрлық технологияларды тұрақты пайдаланады. Болашақ ИТ-индустрияның үлкен әлеуетін тиімді пайдаланатындарға тиесілі», - деді В.Норов.

ШЫҰ Бас хатшысы жастарға ШЫҰ кеңістігінде «салауатты цифрлық мәдениетті» құруға, жастарға өз әлеуетін ашуға көбірек мүмкіндіктер ұсынуға, атап айтқанда, электронды сауда саласында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін күш біріктіруге шақырды.

Қазақстаннан барған делегат Іңкәр Оспанова 2019 жылдың басында ҚР-дағы онлайн сауда көлемінің 287 млрд теңге болғанын айтты. Бұл көрсеткіш бір жылдың ішінде 23,2%-ға өсіп, жалпы сауда айналымы көлемінің 2,9%-ын құрады.

Панельдік сессиялар барысында ШЫҰ елдерінен келген іскер орта өкілдері электронды сауданың логистикасы мен кедендік реттеуді, жаңа қаржы құралдарын қолдануды және стартаптарды дамыту мәселелерін талқылады.

Басты сөздер: Жастар, Қытай,
Жоғары қарай