Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 363.26
EUR 420.11
RUB 5.54
CNY 52.45

Шымкенттің басым бөлігінде табиғи газ уақытша тоқтатылатын болды

2018 жылдың 23 шілде 2018 20:37 539

  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің басым бөлігінде табиғи газ уақытша тоқтатылатын болды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ-ның мәліметінше бұл шара газ құбырларын тиісті сынақтан өткізу үшін қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Газ таратушы мекеменің хабарлауынша, өндірістік қажеттілігі бойынша 2018-2019 жж. Қалтаев көшесіндегі ПГБ-6-дан тартылған газ құбырларында тиісті тексеру жұмыстары жүргізіледі.

«Аталған жұмыстарды жүргізу барысында Ақназархан, Безделеев, Қалтаев, Смирнов, Жиделі, Елшібек батыр, Қазанғап ақын, Жанқожа батыр, Алдияров, Майлы қожа, Түркістан, Сматлаев, Алакөл, Сайрам, Достоевский, Челюскинцев, Орынбай ақын, Сүлейменов, Дундич, Қарасу, Ақсу, Манкент, Шалғынды, Бағысбаев, Олжабай батыр, Қараменде батыр көшелері, Тәуке хан өткелі мен Түркістан көшесінің тұйығында 23-25 шілде аралығында табиғи газдың берілу уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, ПГБ-42-ден, ПГБ-Ақжар, ГРУ-н/з, (К.Маркс бөлімшесі), ГРУ-н/з (Құрсай) ПГБ-н/з (Құрсай) ГРП-н/з (Кіші зауыты), ГРП-н/з тартылған газ құбырларына саңылаусыздығын сынаудан (испытание на герметичность) өткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі», -делінген хабарламада.

Аталған жұмыстарды жүргізу барысында ПГБ (Ақжар) - Сұлу төбе, Ордалы, Айыртау, Саумалкөл, Тәуелсіздік-1, 2, 3, 4, Ұшқын, Ынтымақ, Шымкент, Алтын Кемер, Қазақстанның 60 жылдығы, Мұратбаев, Құттыкөл, Сейфуллин, Қорғалжын, Ағынсай, Наурыз, Ақсу Жабағылы, Әуезов, Шаңды көл, Жеті қара, Өркен, Шаттық, Шымбаз,Тоқбергенов көшелерінде де көгілдір отын беру шектелмек.

ПГБ-42-ден (Сәуле ш/а) Қазыбек би, Әулие сай, Абылай хан, М. Әуезов, Көктөбе, Жастар 1,2,3, Тәуке хан, Қонаев, Рысқұлбеков, Гүлисман, Нұршашу, Бесарыс, Баянауыл, Мүратбаев, Бәйдібек ата, Қазығұрт, Майлы қожа, Жабаев, Ақмешіт, Абай, Жеңістің 50 жылдығы, Ынтымақ, Жаңатас, Қызыл сұнқар, Жаңақұрылыс, Өндірістік, Азаттық, Келес, Жаңабазар көшелерінде де осындай тексерулер жүргізілмек.

Сондай-ақ К.Маркс бөлімшесі мен Бадам және Құрсай мөлтекауданындағы Бекболатов, №1 бастап №18 көшесіне дейін, Жаңақұрылыс, Бұхар, «Жібек Жолы» базарында да 24-27 шілде  аралығында табиғи газдың берілу уақытша тоқтатылады.

 

 

Жоғары қарай