Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Шымкенттің аквапаркінде суға тұншыққан бала есін жиды

2018 жылдың 19 маусым 2018 12:07 57

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің аквапаркінде 14 жастағы жасөспірім суға тұншығып, комаға түскен болатын. Аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан бала бүгін есін жиып, палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім емдеу мекемесіне 11-ші маусым күні кешкі сағат 18.00-дер шамасында түскен.

«Науқас ауруханаға жеткізілгенде ес-түзсіз, ауыр жағдайда болатын. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Тиісті емдік шаралар жасалды. Тексеру барысында баланың өкпесі ісінгені, аспирациялы пневмониямен ауыратыны анықталды. Сондай-ақ, қуығы жарылып кеткені белгілі болды» делінген хабарламада.

Дәрігерлер жасөспірімнің қуығына ота жасаған соң ғана беті бері қарап, жағдайы қалыпқа түскен. Қазіргі таңда науқас тиісті емдік шараларын қабылдауда. Мамандар баланың өміріне қауіп жоқ екенін айтады. 

 

 

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай