Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

Шымкенттіктер еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдады

2019 жылдың 25 наурыз 2019 12:36 646

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттіктер еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдады. Қалада өтіп жатқан халықаралық Ashyk aspan фестивалін тамашалауға келген 20 мыңға тарта тұрғын «Нұр-Сұлтан, Қазақстан, жасасын!» деп ұрандатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымал рэп-орындаушы Наzиманың концертімен басталған шарада қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құттықтау сөз сөйлеп, елорда атауының өзгергенін айтып өтті. Қала басшысының үндеуін іліп алып кеткен 20 мыңнан астам халық, бұл бастаманы қолдайтындарын білдірді. Концерттің соңы Шымкенттің аспанын жап-жарық еткен мерекелік отшашумен аяқталды.

Айта кетейік, Ashyk aspan фестивалі Шымкентте екінші рет өтіп отыр. Биылғы фестивальге 11 елден 20 команда қатысты. Осылайша үшінші мегаполис әуе шарлары фестивалінің орталығы деп танылып отыр. 2020 жылы ұйымдастырушылар бұл фестивальге қатысатын командалар санын 50-ге жеткізбек.

 

 

Жоғары қарай