Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Шымкенттік жұмысшылар заңсыз еңбек миграциясына шағымданған

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы компаниялардың бірінде жұмысшылар шетелден заңсыз келетін жұмысшлардың көптігіне шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында айтты.

«Көші-қон қызметінің өкілдері кәсіпкерлерді емес, шетелдік жұмысшылардың құжаттарын тексерумен айналысады. Яғни, қаржылық-шаруашылық қызметін тексере алмаймыз. Жуықта ғана болған бір оқиғаны мысалға алуға болады. Кеше ғана шымкенттік «Шымкент крепеж» ЖШС-нде Қазақстан азаматтары жиналып, компанияның олардың қызметінен бас тартқанына наразылық білдірді. Жиналғандардың барлығы - Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары. Олардың айтуынша, жергілікті кәсіпорында Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары заңсыз кіріп, жұмыс істеп жүрген. Мамандарымыз дереу оқиға орнына барып, тексеру жүргізген болатын. Айтқандары шын болып шықты», - дейді Сабыржан Сейітжанов.

Комитет өкілі ел аумағына заңсыз кірген азаматтардың жауапқа тартылғанын атады.

Жоғары қарай