Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шымкенттік ЖОО түлектері қалалық Полиция департаментіне жұмысқа қабылдануда

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 14:09

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік жоғары оқу орындарының түлектері қалалық Полиция департаментіне жұмысқа қабылдануда. Қалалық Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы қызметкерлері бірқатар университеттердің түлектерімен және 4 курс бітіруші студенттермен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында құқық қорғау жүйесін толық реформалау мен полицияның қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналу керектігін атап өткен болатын. Осы мақсатта Шымкент қалалық Полиция департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының басшылығымен кездесіп, «Ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойған болатын.




Нәтижесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы қызметкерлері түлектер мен студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бос лауазымдарына конкурстар жариялағанын және конкурс туралы айтып өтті. Сонымен қатар, департаменттің «Фронт-кеңселерінде» ішкі істер органы қатарына үміткерлермен кездесулер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде лауазымдар конкурсына қатысуға 115 үміткер өтініш білдіріп, 29 үміткер Ішкі істер органы қатарына қабылданған.




Оның ішінде 24 үміткер орта басшы құрамға, 5 үміткер кіші басшы құрамға тағайындалды. Қазіргі таңда арнайы бастапқы оқу курстарына жолданды. Сонымен қатар патрульдік полиция полкінің полицейі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымдарына конкурс жаряланып, конкурсқа қатысуға бүгінгі күнге 36 үміткер өтініш білдірген.










Жоғары қарай