Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 327.11
EUR 386.74
RUB 5.34
CNY 51.37

Шымкенттік тұрғын әйелін сабап, қашып кеткен

2017 жылдың 13 қыркүйек 2017 14:07 1495

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің тұрғыны әйелін сабап, оның көлігімен қашып кеткен. Амалы таусылған әйелі тәртіп сақшыларын шақыртып, болған жәйтті баяндаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Полицейлер келгенде 33 жастағы келіншек күйеуінен әбден таяқ жегенін айтып, арыз жазып беріпті. Арызды алған тәртіп сақшылары жәбірленушінің күйеуін іздестіріп, ақыры тапқан.

«40 жастағы тұрғын Еңбекші аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Көлік өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қолға түскен тұрғыннан тиісті жауаптар алынуда. Тәртіп сақшылары оған қатысты істі әкімшілік сотқа жолдады», - деді полиция қызметкерлері.

 

 

Жоғары қарай