Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Шымкентте жүргізуші куәлігін саудаға салған 26 полицейге үкім оқылып жатыр

2019 жылдың 11 қараша 2019 11:38

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 26 полиция қызметкері мен 12 делдалға қатысты үкім оқыла бастады. Айыпталушылар қатарында тіркеу-емтихан бөлімінің 5 бірдей басшысы да бар. Екі жылға созылған тергеуден соң басталған сот отырысы бір жарым жылға созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың шілде айында басталған сот отырысына жетпіске тарта қорғаушы қатысты. Айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс мың жарым томнан асып кеткен.

Айта кетейік, айыпталушылардың алды 2016 жылдың шілде айынан ұсталып, үш жылдан аса уақытша тергеу абақтысында отырды. Айыптау актісі бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полиция тіркеу-емтихан басқармасының бұрынғы басшысы Артықбек Жаппаров қылмыстық топ ұйымдастырды деп айыпталған болатын. Яғни, параға жүргізуші куәлігін беріп, кез келген аймақтың мемлекеттік нөмірін жасап отырыпты. Жалпы саны 38 айыпталушыға қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айып тағылып отыр.

Ұлттық бюро арнайы операция ұйымдастырып, Шымкент пен оңтүстіктегі бірнеше лауазымды шенділерді бір күнде ұстаған болатын. Күдіктінің біреуі кабинетін құлыптап алып, есікті ашам дегенше ақша мен құжатты өртеп, базбірін жеп те қойған болатын. Екі жылға созылған тергеуде күдіктілер келтірген шығын 2,7 миллиард теңгеге жеткен.

Істі Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Әбсаттар Шайхидинов қарады.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Заң, Сот,
Жоғары қарай