Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Шымкентте жер қазу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен 18 елді мекен газсыз қалды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 21:30

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жер қазу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен 18 елді мекен газсыз қалды. Тоғыс елдімекеніндегі жеке тұрғын үйде экскаваторшы жер қазу кезінде диаметрі 400 мм газ құбырына тиіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәтижесінде Елтай, Маятас, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас, Сұлтан рабат, Момынай, Жаңа үй, Аққұм, Шахта Тоғыс, Абай, Аңғар ата, Ұйымшыл, Текесу, Ақбастау, Алғабас елді мекендері мен Леңгір қаласына көгілдір отыр беру тоқтатылды.

Қалаға газ таратушы «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жер қазу жұмыстары газбен қамтамасыз ететін мекемемен келісілмеген.

«Газ таратушы компанияның мамандары құбырдан газдың шығуын тоқтатқан. Қазір көгілдір отыннан 11 газ таратушы бекет пен 68 ұжымдық ШРП, 14 өндірістік кәсіпорын мен 115 тұрмыстық кәсіпорын ажыратылды. Сондай-ақ, осы елді мекендердегі 8166 тұрғын үй газсыз қалды» делінген хабарламада.



null

Айта кетерлігі, құбырдың тесілуіне кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда аудандық полиция қызметкерлері оны тез арада қолға түсірген.

Қазіргі таңда газға жауапты мамандар құбырдағы ақауды жөндеп жатыр. Дегенмен «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы көгілдір отын тек келтірілген шығын өтелген соң берілетінін жеткізді.

Мамандар, сонымен қатар, аталған аумақтағы бір өзекті мәселе туындап отырғанын айтады. Жер телімдерін бөлу кезінде тиісті талаптар сақталмай, көлемді диаметрлі газ құбыры өткен жерлерде жекеменшікке өтіп кеткен. Салдарынан тұрғын үйлер қорғалуы тиіс аумақта бой көтеріп, осындай келеңсіз жағдайлар жиі орын алуда.




null


null

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Энергетика, Оқиға, Шымкент,
Жоғары қарай