Ауа райы
Нұр-Сұлтан 1 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Шымкентте жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған аналарға арнайы орталық ашылды

2019 жылдың 16 қаңтар 2019 11:01 1036

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған аналарға арнайы орталық ашылды. Заманауи құралдармен жарақтандырылған бөлімшеде дәрігерлер келіншектерді жүктіліктің 34 аптасынан бастап, түрлі патологиялар бойынша бақылауда ұстайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ  №2 қалалық ауруханасынан ашылған бөлімшеде мерзімінен асқан жүктілік пен артериалдық гипертензияның орта дәрежесін, қан аздықтың ауыр дәрежесі мен қант диабетіне шалдыққан әйелдерге де емдік шаралары жасалады.



null«Ауруханаға қарасты перзентханада зертханалық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Қабылдау бөлімінде шұғыл шақырылым жүйесі орнатылған. Бұл бойынша науқасқа қажет болған мамандар жедел шара қабылдауға мүмкіндік бар. Ал, өткен жылы бұл перзентханада 3 500-ден астам ана нәрестелі болды»,-дейді №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сәрсен Пернебеков.

 

 

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Медицина,
Жоғары қарай