Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Шымкентте ұлттық дизайнерлер көрмесі өтті

2018 жылдың 5 наурыз 2018 13:11

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Қазақстанның сәнгерлері бас қосты. «Shymkent Pop Up Store» ұлттық дизайнерлер көрмесінің VIII маусымы «Шымкент-плаза» ойын-сауық орталығында салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық көрмеге 400-ге жуық бренд-компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстаннан бөлек бөлек Литва, Грузия және Өзбекстанның танымал дизайнерлері де шақыртылды. Көрмені тамашалаушылардың назарына шымкенттік дизайнерлердің көктем-жаз маусымына арналған топтамасы ұсынылды. Бұдан бөлек шеберлердің қолдан жасалған әшекей бұйымдары, былғары сөмкелер, косметикалар және кәдесыйлары көрмеден орын тапты.

Айта кетейік, ұлттық көрме үш күнге созылады. Дизайнерлермен қатар мұнда балаларға арналған дефиле ұйымдастырылып, визажистер және стилистер шеберлік-сабақтарын өтеді.




null


null

Жоғары қарай