Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Шымкентте ұлан сарбаздары жоғалған үш бүлдіршінді тапты

2017 жылдың 20 қараша 2017 14:15 633

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері бір тәулікте жоғалған үш бүлдіршінді тауып жақындарына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық ұланның  баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші оқиға сенбі кешкісін Адырбеков көшесінің бойындағы «Мәдина» дүкеніннің маңында орын алды. Қарақұрым топтың арасында Қадиша адасып қалған. Құрамында қатардағы Мұса Қабдыраш, Ержан Сағындықов және Геннадий Килин бар жасақ, сол маңда жылап тұрған кішкентай қызды байқайды. Бүлдіршін көшеде атасымен бірге серуендеп жүріп, адасқанын білмей қалыпты. Кішкентай Қадишаның жақындарын іздеуге кіріскен ұландықтар, көшедегі адамдардан сұрау жүргізеді. Араға жарты сағат салып  қыздың атасын тауып алады. Немересімен қауышқан ақсақал құқықтық тәртіп жауынгерлеріне қырағылығы мен жедел әрекеті үшін үлкен алғысын білдірді.

Екінші жағдай да жексенбі күні кешкі болған. Ұлттық ұланның жауынгерлері қатардағы  Ернар Қабылбек, Нұрдәулет Серікұлы  және Нұрғали Өмірзақов патрульдеу бағыты бойынша келе жатып, екі баланың жоғалғаны туралы ақпарат алады. Төрт жасар  Сұлтан және екі жастағы Мәдина Ермектер Республика даңғылы бойында көзден таса болыпты. Осыдан кейін, әскери жасақ тез арада жоғалған балаларды іздеу жұмыстарына кірісіеді. Ұландықтардың қырағылығының арқасында  шамасы он бес минут ішінде балалар табылып, жақындарына тапсырылды. 

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай