Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Шымкентте пара алу кезінде ұсталған шенеунік 45 млн теңге айыппұл төлейтін болды

2019 жылдың 15 мамыр 2019 12:52

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте пара алу кезінде ұсталған қалалық білім бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Ғабит Нысанов 45 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Бұрынғы шенеуніктің қылмыстық ісін қараған әл-Фараби аудандық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айыпталушы сот залынан босатылып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Аудандық соттың мәліметінше, айыпталушы өткен жылдың желтоқсан айында пара алу кезінде ұсталған. Сот отырысында оның жауапты лауазымды қызметті атқара отырып, мектептегі асхананы жалға алып жұмыс істейтін кәсіпкерге көмектесемін деп 1,5 млн теңге алғаны дәлелін тапты. Экс-шенеуніктің міндетіне мектептерде қызмет атқаруға тендер өткізу және келісімшарт түзу кіргені анықталған.

Тергеу кезінде Ғабит Нысанов өз кінәсін толығымен мойындап, прокурорлармен процессуалдық келісімге келген. Ендігі жерде сотталушы бір ай уақыт аралығында 45 млн тңгені төлеуі тиіс.

Жоғары қарай