Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Шымкентте пара алған тергеушіге делдал болған адвокат анықталды

2019 жылдың 17 қазан 2019 11:09

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының Адвокаттар алқасының қорғаушысы парақорлыққа делдалдық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Шымкент қаласының адвокаттар алқасының қорғаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол Шымкент қаласындағы Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісіне зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасағаны үшін жалпы сомасы 360 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласындағы Абай аудандық Полиция басқармасының тергеушісі аталған істі тоқтату жөнінде процессуальдық шешім қабылдағаны үшін пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Авдокаттың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», делінген хабарламада.

Жоғары қарай