Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі 50-ге жуық азамат кәсіптік білім алды

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 22:55

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мүмкіндігі шектеулі 50-ге жуық азамат кәсіптік білім алып шықты. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысқан тұрғындарға арнайы куәліктер тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарымжан жандар үш ай көлемінде электронды есептеу машиналары операторы мамандығын меңгерді. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында білім алғандар жұмысқа да тартыла бастады. Айта кетейік, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2 мыңға жуық адамды жолданған. Олардың арасында 83-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылады. Жолдамамен білім алғандар тігінші, ағаш ұстасы, маникюр шебері, кассир, ЭВМ операторы сияқты нарықта сұранысқа ие мамандықтарын меңгерген. Өз кезегінде орталық қызметкерлері аталған бағдарлама аясында мыңға тарта мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Жұмыспен қамту, Шымкент,
Жоғары қарай