Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 339.95
EUR 392.64
RUB 5.30
CNY 52.51

Шымкентте мас жүргізуші 5 көлікті соқты

2017 жылдың 10 қараша 2017 20:14 767

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Ниссан көлігінің жүргізушісі жолдағы 5 көлікті соққан. Нәтижесінде 7 адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова таратқан мәліметтерге қарағанда, жол көлік оқиғасы Темірлан тас жолында болған. Бағдаршамды күтіп тұрған бес көліктің артынан Ниссан көлігі соқтығысқан. Нәтижесінде қатты соққыдан Ниссан көлігі қарсы бағытқа шығып кетіпті. Жарақат алғандарға жедел жәрдем қызметі шақыртылды.  Ауруханаға жеткізілгендердің ішінде балалар да бар.

Оқиға орнына келген полицейлер жол апатын жасаған жүргізушінің ішімдік ішіп алғанын анықтаған. Қазіргі таңда оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Көлік айыптұраққа қойылды. 

 

 

Жоғары қарай