Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Шымкентте құқық бұзушылықтан келтірілген 6,5 млрд теңге шығын өндірілмеген - прокуратура

2019 жылдың 7 наурыз 2019 02:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте прокуратураның құқық қорғау және мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен мемлекетке экономикалық қылмыстардан келтірілген залалды өндіру бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында сөз алған қала прокуроры Мақсат Қожабаев уәкілетті органдардың жұмыс тиімділігінің төмендеп кеткенін, соның салдарынан өткен жылы құқық бұзушылықтан келтірілген 9,5 млрд теңге шығынның тек 1,8 млрд теңгесі ғана өндірілгенін атап өтті.

Мәжілісте қарыз төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істерді тергеу сапасының төмендеуі салдарынан қала бюджетіне 6,5 млрд теңге өтелмегені сөз болды. Осыған байланысты, қала прокуратурасымен ұсынылған кемшіліктерді жою жөніндегі жоспар және қылмыстық жолмен алынған мүлікті анықтау бойынша іс-шаралар алгоритмі Үйлестіру кеңесінің барлық мүшелері тарапынан қолдау тапты. Үйлестіру кеңесінде қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне жосықсыз кәсіпкерлерді ерте кезеңнен анықтау және тағы да басқа бірқатар маңызды тапсырмалар берілді.

Жоғары қарай