Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Шымкентте ХҚО қызметкері алаяқтық жасады деп айыпталып отыр

2019 жылдың 13 қараша 2019 13:03

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының құқықтық қамтамасыз ету маманы алаяқтық жасады деп күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Cаll-centеr арқылы келіп түскен хабарлама арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының маманы тарапынан жасалған алаяқтық әрекетті анықтады.

«Ол ҚР Жоғарғы Сотының кассациялық сатысымен даулы жер учаскесіне қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауына жәрдемдесемін деп алдау арқылы азаматтың 250 мың теңге көлемінде ақшасын қалтаға басқан. Маман осындай күдікке ілінді» делінген хабарламада.

Күдікті өз кінәсін мойындады және қорғаушысы екеуі процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш берді. Осыған байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Жоғары қарай