Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 364.95
EUR 416.99
RUB 5.55
CNY 52.58

Шымкентте «Ерлік» мұражайының жаңа ғимараты ашылды

2018 жылдың 19 маусым 2018 06:17 940

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте «Ерлік» мұражайының қосымша ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Жаңадан ашылған екі қабатты ғимаратта екі экспозициялық зал, 50 орындық мәжіліс залы, экспонаттарды сақтайтын және қызметкерлер жұмыс істейтін бөлмелер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғимараттың аумағы бұрын 209,6 шаршы метр болған еді. Облыс әкімдігінің қолдауымен аумағы 285 шаршы метрлік қосымша жаңа ғимарат салынды. Бұл мұражайда соғыс ардагерлерінің ерліктерін дәріптеумен қатар зиялы қауым өкілдерімен кездесулер және өзге де тарихи-танымдық іс-шаралар өткізілетін болады.  Шараға қатысқан  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен өңір ардагерлері, зиялы қауым өкілдері «Жеңіс» саябағындағы Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Сабыр Рақымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиында аймақ басшысы  жұртшылықты жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.   

«Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұсынылуы заман талабына сай маңызды шешім болды. Бүгінгі шара - ерлікті дәріптеуге, жастардың бойына отаншылдық сезімді сіңіруге бағытталған. Батырларымыздың, ата-әжелеріміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері мен жеңістерін, тылдағы еңбектерін, ауған соғысы ардагерлерінің ержүректілігін насихаттайтын бұл музейдің маңызы жоғары. Жастарды отаншылдыққа тәрибелеуде бұл орталықтың да қосар үлесі мол», - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, «Ерлік» музейі 2012 жылы желтоқсан айында ашылып, 2013 жылы 19 шілдеде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қарамағына өткен.

Фото авторы: Исаметов Сабыржан

 

 

Жоғары қарай