Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Шымкентте «бомба жарылысы» туралы жалған хабар таратқан күдікті ұсталды

2019 жылдың 26 маусым 2019 21:43

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының эвакуациялық бекеттердің бірінде Арыс қаласының тұрғыны «Арыста қуатты бомба жарылып, Шымкентке жетеді» деген хабарламаны естіп, сол жердегі адамдарға таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұрт арасында дүрбелең туғызған күдіктінің үстінен іс қылмыстық іс қозғалды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 1-бөлігі «Көрінеу жалған ақпарат тарату, яғни қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай