Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Шымкентте автобус тізгінінде телефонмен сөйлескен 39 жүргізушіге айыппұл салынды

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 22:15

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының полиция қызметкерлері 24-26 қыркүйек аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Үш күн ішінде 250-ден астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іс-шараның мақсаты - бірінші кезекте автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру, маршрутта жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізу және құжаттарды тексеру.

Үш күн ішінде Шымкент қаласының Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жол жүру ережелерін сақтау бойынша жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізді.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың жүргізушілері 259 рет жол жүру ережесін бұзғаны анықтады. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын жол парағын ұсынбауы) -14; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 1; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 3; ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 39; ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 1; ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) – 1; - Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) – 1.

Автопарктердің қызметкерлеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 617-бабы бойынша екі әкімшілік хаттамадан толтырылды.

Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Басты сөздер: Көлік, Шымкент,
Жоғары қарай