Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 23 мамыр 2020 05:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 23 күнгі метеорологиялық жағдай немесе ауа сапасына қатысты мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 23 мамырында Шымкент қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Республиканың өзге аймақтарында ауа сапасы қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай