Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Шымкент пен Балқашта ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 9 қараша 2019 06:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 қараша күні жағымсыз метеорологиялық жағдай Қазақстанның екі қаласында күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, сенбі күні атмосфералық ауа сапасы Шымкент және Балқаш қалаларында нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай