Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Шымкент көшелерінен «Наурыз керуені» жүріп өтті

2019 жылдың 19 наурыз 2019 02:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Шымкентте- «Наурыз керуені» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шараға зиялы қауым өкілдері мен ата- әжелер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мен театр әртістері және жастар қатысты. Тізбегінде түйелер мен ат арба, күймелер мен автокөліктер тізіліп жүрген керуен әуелі «Наурыз» алаңына жиналды. Барлығы 100-ден аса адам енген керуеншілер осы алаңнан жолға шығып, қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Жастар жағы атқа отырса, арбаға мінген әжелер мен өнерпаздар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері халық әндері мен күйлерінен шашу шашты. Жол-жөнекей бауырсақ пен тәттілер таратып, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Соңынан мерекелік шара ұйымдастырылып, жиналған көпшілік Наурыз көжеден дәм татты. Күбіден түскен май мен табада піскен ыстық нан, бауырсақтан ауыз тиді.


null

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов пен белгілі ардагер-журналист Байдулла Қонысбек, Исамудин Рысбай сынды абыройлы азаматтар жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.


null

«Ұлыстың ұлы күні бүгінде ынтымақ пен ырыстың мерейлі мерекесіне айналды. Халықты береке-бірлікке бастап, оларды жақсылық пен мейірімділікке, махаббат пен шаттыққа бөлеп келеді. Наурызда барша жұрт өткенін електеп, бүгінін бағамдаған. Ренішті ұмытып, кешірімшіл әрі кеңпейіл болып, өткенге салауат, барға қанағат еткен. Ата-бабамыздың осындай өнегелі дәстүрін қастерлеп, дәуірімізге сай үйлестіріп дамыту - асыл парызымыз», - деді Байдулла Қонысбек.


null

«Бармақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, елдің ауызбіршілігі мен ынтымағын осы әз-Наурыздан бастаған қала жұртшылығы ұлыстың ұлы күнін осылай бастап кетті. Ағарған ақтықтың, бал шырын тоқтықтың белгісі деп білетін жалпыхалықтық мереке алдағы күндері де кең көлемде аталып өтілмек.




null


null

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Наурыз мейрамы, Шымкент,
Жоғары қарай