Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 361.94
EUR 423.25
RUB 5.40
CNY 52.82

Шымкент қаласының тең жартысы жарықтан ажыратылады

2017 жылдың 10 желтоқсан 2017 04:22 1505

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 10 желтоқсан күні Шымкент қаласының басым ауданында жарық сөндіріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Жұмағұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 желтоқсан күні сағат 9.00 - 15.00 аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты келесі мекенжайларда электр энергиясы сөндірілетін болады: Қабанбай батыр, Түркістан, Төлеби, Тəшенов көшелері, Тəуке хан даңғы, Жоғары базар мен Ескі автовокзал, Жангельдин, Гагарин, Абай, Громов көшелерінде, Қарасу мөлтек ауданы, Колос аймағы, Отырар, Шығыс мөлтек аудандары, Сайрам, Байтұрсынов, Желтоқсан, облыстық баспахана аумағы, Халтурин, Қазыбек би, Желтоқсан, Қонаев-Иляев, Химфарм, Еламан, Оңтүстік, К. Цеткин, Лесхоз, облыстық əскери аймақ, Жібек жолы көшесі жəне Азат, Қаражол, Самал - 1,2 мөлтек аудандары, Агропром, 4-мөлтек аудандары, 112 орам, 8-мөлтек ауданы, Астраханцев көшесі, Темірлан тас жолы, Жаңа шаһар аймағы, 15, 11, 12-мөлтек аудандарының бір бөлігі, Долорес-Сайрам, Солтүстік-батыс, Самал-3 м/а, Телман, Қызылжар, Ынтымақ, Коммунизм аумағында», - делінген хабарламада.

Фото: Primpress 

 

Жоғары қарай