Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

«Шымкент-Алматы» пойызында нәресте дүниеге келді

2019 жылдың 15 қаңтар 2019 12:10 1722

  АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қаңтар күні Шымкент тұрғыны «Шымкент-Алматы-2» бағытындағы пойызда босанды. Бұл туралы  «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, Алматыға қарай жолға шыққан Айгүл Жүзбаева есімді келіншектің айы-күні жетіп тұрған. Сапар кезінде кенеттен толғақ қысқан. Абырой болғанда вагон жолсерігі мен пойыз бригадасының өзге де қызметкерлері барлық қажетті көмекті жасаған.

Сол күні кешке қарай Тараз стансасында жас ананы жедел медициналық жәрдем  күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді.  Таратылған мәліметке қарағанда, өмірге келген нәрестінің денсаулық жағдайы жақсы

Өз кезегінде жас ана Айгүл Жүзбаева көмек көрсеткен пойыз жолсеріктеріне алғыс айтты.

Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек керсету бойынша тұрақты түрде оқытылып келеді. Өткен жылы пойыздарда 10 нәресте дүниеге келген.

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Көлік, ҚТЖ,
Жоғары қарай