Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 376.09
EUR 426.71
RUB 5.72
CNY 55.99

«Шымкент - адалдық алаңы» кеңсесі сәулет саласында жаңа жобаларды іске қосты

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 23:35 442

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - "Шымкент-адалдық алаңы" кеңсесі қаланы сыбайлас жемқорлықтан арылтуға бағытталған алғашқы жобаларын таныстырды. Аталған кеңсе қала әкімдігімен, ӘКК және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  аумақтық департаментімен бірлесіп, сәулет саласында  12 қызметті қамтыған цифрландырылған жобаны іске қосты ,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жобалар аясында мектептерде ақша жинауды болдырмауға жағдай жасалып, "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша тегін медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге күш салынбақ. Сондай-ақ, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында да тұрғындарға мүмкіндік жасалатын болады.

«Сонымен қатар " Құпия сатып алушы " әдісімен зерттеу жобасы іске қосылып, ол барлық әлеуметтік маңызды салаларды қамтиды. Бұл өз кезегінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралы болады", - дейді  "Шымкент - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев.

Ал,  "Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы" мемлекеттік бюджеттен мектептерді, ауруханаларды және басқа да қаржыландыру объектілерін қамтамасыз етуге арналған бюджеттің транспоренттілігіне ерекше назар аударуға мүмкіндік береді. 

 

 

Жоғары қарай