Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Шымбұлақта не өзгерді: жаңа әжетхана, 3 қар ату жүйесі

2018 жылдың 12 қазан 2018 17:50 235

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шымбұлақ» курортындағы өзгерістер туралы Instagram парақшасында курорт директоры Ержан Еркінбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біріншіден, тау шаңғысы курортының жоғарғы жақтарында қар ату жүйесі күшейтілген.

«Жаз бойы біз қар атудың 3 жаңа тармағын жасадық. Енді 35 зеңбірек қар атуға дайын. Шымбұлаққа қар жаудыра бастаймыз. Шаңғымызды дайындап, қысқы демалысқа шығамыз», - деді Ержан Еркінбаев.

Сонымен қатар, «Шымбұлақтың» жоғарғы тұсында көпшіліктің көптен күткен нысаны - әжетхана пайда болды.

«3 жыл бұрын біз Шымбұлақта аса күрделі жобаны қолға алған болатынбыз. Ол - Талғар асуында әжетханалар желісін салу. Құрылыс уақыты қысқа, ауа райының ахуалы қатаң болған соң әжетхананы іске қосу қиындап кетті. Енді бір танымал кісілерді шақырып, қызыл лента кескізіп, ат қойсақ та болады», - деді Ержан Еркінбаев.

Мұның алдында әлеуметтік желіде Шымбұлақ тау шаңғысы курортында адамдарға қолайлы жағдай жасалмағаны көп талқыланған болатын. Онда бірнеше шақырымға созылған кешен ішінде бір де бір әжетхана жоқтығы сынға алынған еді.



null 

null 

null 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Туған жер, Алматы,
Жоғары қарай