Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Шығыс Қазақстандағы алапат өрт сөндірілді

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 17:09

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы 3500 гектар аумақты қамтыған алапат өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті. Оның айтуынша, тілсіз жау бүгін сағат 16:13-те толық сөндірілген.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйек күні басталған өрт Абай ауданындағы таулы, жартасты, адам жүре алмайтын жердегі шөп алқаптарын шарпыған болатын. Өрт аумағы – шамамен 3500 гектар. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД, Ұлттық ұлан әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары жұмылдырылған. Оқиға орнында барлығы 242 адам және 29 техника жұмыс істеді.

Жоғары қарай