Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Шығыс Қазақстанда төрт күннен бері шөп алқаптары өртеніп жатыр

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 12:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 3500 гектар аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«27 қыркүйек күні ТЖК қызметкерлері мониторинг жасау үшін өрт аумағын тікұшақпен аралап, қызыл жалынның таулы, жартасты, адам жүре алмайтын жердегі шөп алқаптарын шарпығанын анықтады. Өрт аумағы – шамамен 3500 гектар. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ» делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД, Ұлттық ұлан әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары жұмылдырылған. Оқиға орнында барлығы 242 адам және 29 техника жұмыс істеп жатыр.

Өрт 24 қыркүйекте басталған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, 3500 гектар аумақтағы өрт ауыздықталған.

Жоғары қарай