Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Шығыс Қазақстанда соңғы бес күнде 9 жол апаты болды

2019 жылдың 19 қазан 2019 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райы бұзылып, күн суытқалы Шығыс Қазақстан облысында жол апаты жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы бес күнде Шығыс Қазақстанда 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 9 жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

«Жол бойындағы қабылдау» акциясы аясында ашылған мобильді бекеттерде азаматтарға профилактивалық үнпарақ таратылып жатыр. Патруль полицейлері көлік жүргізушілеріне жол жүру жылдамдығын таңдайтын кезде ауа райын ескеруді өтінеді. Кенеттен маневр жасамай, көлікті аяқ астынан тоқтату немесе жылдамдықты асырудан аулақ болуға шақырады. Күн бұзылып, суытып кеткенін ескерсек, бұл әрекеттер жол апатына апарып соқтыруы мүмкін.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге де жол ережелерін сақтау керектігін еске салды. Жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтуге болмайтынын айтып, барлық көліктер жол бергеніне көз жеткен кезде ғана көшенің арғы бетіне өтуге кеңес берді.

Жоғары қарай