Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.26
EUR 425.63
RUB 5.68
CNY 55.61

Шығыс Қазақстанда моншаға түскен бала мерт бола жаздады

2018 жылдың 12 ақпан 2018 20:19 118

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар бала моншаға түсемін деп жазым бола жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зайсан ауданында моншаға түскен соң 8 жасар бала есінен танып қалды. Оған бітеу мұржа себеп болған. Есінен танып жатқан баланы ата-анасы тапқанша иіс газына тұншығып үлгерген.

Жылдам ауруханаға жеткізілген баланың жағдайы қазір қалыпты, дәрігерлер бақылап отыр. Ата-анасы ескерту түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды.

Шығыс Қазақстанда иіс газынан уланудың статистикасы алаңдатады. Жыл басынан бері облыста осындай 15 оқиға болып, 15 адам, соның ішінде алты бала зардап шегіп, екі адамның өмірі қиылды, соның бірі бала еді.

Жоғары қарай