Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

2020 жылдың 17 ақпан 2020 12:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында осы аптаның аяғына дейін қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Казселезащита» мамандарының хабарлауынша, 17-23 ақпан аралығында ауа райының жылынуына байланысты облыстың таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін. Бүгінде қар қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді.

«Егер ауа температурасы күрт жылынып кетсе, көшкін қаупі арта түседі. Негізінен көшкін түс уақытында күн қатты ысыған кезде жүреді. Сондықтан тұрғындарға таулы жерлерге баруға тыйым салынған. Қар көшкінінің қаупін білдіретін белгілерден асып кетпеу керек», - делінген мәліметте.


Жоғары қарай