Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Шығыс Қазақстанда биыл 36 ауылға ауызсу тартылады

2020 жылдың 19 ақпан 2020 16:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 36 ауылға ауызсу тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.

«Осы жылы таза ауызсумен қамтамасыз етілген ауылдардың санын біршама арттыруымыз керек. Жоспар бойынша 36 ауылға ауызсу тартылады. Нәтижесінде 11 мың ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады», - деді аймақ басшысы.

Бүгінде елді мекендердің 81%-ы ауызсумен қамтамасыз етілген. Өткен жылы ауылдарға 77 блок-модульдік станция орнатылыпты. Биыл осындай - 50, 2021 жылы - 49 станция орнату жоспарланған.


Жоғары қарай