Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Швейцария Президенті Қазақстанның негізгі басымдығын атады

2019 жылдың 22 қараша 2019 15:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер еліміздің негізгі басымдығын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз үш компонентке негізделген екі жақты қарым-қатынастарымызды дамытуға ұмтыламыз. Дегенмен, тауар алыс-берісін ғана дамытқымыз келіп отырған жоқ. Білім алмасу саласындағы да өзара іс-қимылды жандандырғымыз келеді. Біз үшін бірлескен кәсіпорындар құру, білім, жаңа технологиялар алмасу барынша маңызды», - деді Ули Маурер.

Сонымен қатар ол Швейцарияға қарағанда Қазақстанның қандай басымдығы бар екендігін айтты.

«Қазақстан жас әрі қарқынды дамушы мемлекет. Бұл елдеріңіздің ең үлкен басымдығы және Швейцариядан да үлкен айырмашылықтарыңыз саналады. Себебі бізде халықтың қартаю процесі жүріп жатыр», - деді Швейцария Президенті.

Жоғары қарай