Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Шри-Ланкада тағы да жарылыстар болды

2019 жылдың 26 сәуір 2019 21:43 993

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, жұмада Шри-Ланкада қатарынан үш рет жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsfirst порталына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға құқық қорғау органдарының қызметкерлері лаңкестерге қарсы операция жүргізіп жатқан елдің шығысындағы Калмунай қаласында болған. 

Бұған дейін таңертең осы қалада жанкештілерді, сондай-ақ жасырын қару-жарақ қоймаларын анықтау үшін жүргізілген рейд кезінде белгісіз біреулер  полиция қызметкерлері мен ұлттық армияның әскери қызметкерлеріне оқ жаудырған болатын.    

Елде қазір террористер тобына қатысы бар деген күдікпен 140 адам іздестірілуде.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы ақпараттар түсе қойған жоқ. 

Фото: © REUTERS / Dinuka Liyanawatte

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай