Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 377.65
EUR 427.31
RUB 5.87
CNY 56.25

ШҚО сақшылары құжатсыз жүрген Нигерия азаматына көмектесіп, алғыс арқалады

2019 жылдың 19 ақпан 2019 17:31 423

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне Африкадан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Хат иесі - Obasi Churchil Emmanuel атты нигериялық азамат. Ол өз хатында полиция департаментінің капитаны Данияр Мәкенғалиға қалтқысыз көмегі үшін алғыс білдірген. Шығыс Қазақстанда жүргенде африкалық азамат төлқұжаты мен Қазақстан аумағында тұрақты тұруға берілген рұқсат қағазын жоғалтып алса керек. Құжаттардың қашан және қалай жоғалғанын өзі де білмейді. Қазақстанда Нигерия елшілігінің жоқтығы оны одан сайын тығырыққа тірей түскен. Ресейдегі Нигерия консулдығына қоңырау шалған жігіттің бұл әрекетінен де еш нәтиже шықпайды. Өйткені Қазақстан аумағынан құжатсыз шығып кету мүмкін емес-ті. Амалы құрыған нигериялық көші-қон қызметіне жүгініп, қажетті анықтаманы алуға бекінеді.

«Бақытына орай, жоғалған құжаттар адал қолға, яғни, полиция қызметкерінің қолына түскен. Сақшы оларды «Ивушка» ауданынан тауып алған. Жоғалған құжаттың иесін полиция өкілі көп ұзамай анықтайды. 38 жастағы африкалықты тіркелген мекенжайы бойынша тауып алып, құжаттарын қайтарды» - делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Сақшының қырағылығына риза болған нигериялық азамат полиция басшылығына алғысын ағылшын тілінде жазған хатымен білдіріпті.

 

 

Жоғары қарай