Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ШҚО-ның Жарма ауданына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 23:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Жарма ауданына араға бес айдан астам уақыт салып жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев таныстырды.

Ахметқали Ахашұлы Нұрғожин 1966 жылдың 25 мамырында Семей облысы Бесқарағай ауданы Щедруха кардонында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, екі жоғары білімі бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 1983 жылдың 9 қыркүйегінде бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында автокөлік паркінде I санатты слесарь болып бастады. 1986 жыл «Башколь» совхозының жүргізуші болып қабылданды. 1991-1997 жылдары Бесқарағай ауданында бас агроном, 2001-2002 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастар инспекциясының бас маманы қызметін атқарды. 2005 - 2007 жылдары осы ауданда құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2007-2008 жылдары Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары ретінде жұмыс істеді. 2008-2015 жылдары Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет етіп келген.

Айта кетейік, Жарма ауданының бұрынғы әкімі өткен жылдың күзінде пара алды деген күдікпен қызметтен шеттетілген болатын.

Жоғары қарай