Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

ШҚО-дағы «Тарбағатай» ұлттық паркі саябақтар шеруін өткізді

2019 жылдың 2 сәуір 2019 18:06

ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында өткен жылы құрылған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық паркі жергілікті тұрғындарға туған жердің табиғатын аялап-қорғауға, қорықтың гүлденуіне үлес қосу мақсатында қолға алынған «Саябақтар шеруін» өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара барысында Абылай хан даңғылы бойымен орман шеберлері, спорт мектебінің ұжымы, ауданның белсенді жастары мен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жаңа автокөліктері шерумен жүріп өтті.

«Тәуелсіздік» алаңында өткен акцияның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Серікқазы Сәдуақасов экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып бара жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, осыдан бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын америкалық табиғат жанашырлары алдымен «Жер күні», «Ағаштар күні» деп аталған, дүниежүзі елдерінің дәстүріне енгізген табиғат байлықтарын қорғау шарасы елімізде 1996 жылдан бері атап өтіле бастаған.


null

«Бүгінде дүниежүзінде «Парктер шеруі» деген атауға ие болған шара халықтың назарын табиғаттың проблемаларына аудару, халықтың табиғат байлықтарын қорғап, экологиялық білімдерін жетілдіруге арналған. Аудан көлемінде «Парктер шеруі» акциясы жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған. Оған ауданымыздың барлық елді мекендерінен қатысып, акция барысында көшет отырғызу, сенбіліктер өткізу және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылуда. Биылғы айтулы шара Nur Otan партиясы аудандық филиалының төрағасы С.Зайнулдиннің бастамасымен мектептер мен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық паркінің және белсенді жастарымен бірге өткізілуде», - деді аудан әкімінің орынбасары Серікқазы Сәдуақасов.


null

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Әлібек Тоқымтаев акцияның ашылуымен құттықтап, табиғатты қорғауға шақырды.

Табиғат қорғау акциясын қорытындылау барысында Мәдениет үйінің өнерпаздары табиғат тақырыбында ән шырқаса, парктің қыздары флеш-моб өткізіп, би биледі.


null

Айта кетейік, «Саябақтар шеруі» барысында мемлекеттік инспекторлар, орман шеберлері, мектеп оқушылары мен аудан жастары Науалы ауылына 300-ге жуық көшет отырғызды.

Жоғары қарай