Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 363.26
EUR 420.11
RUB 5.54
CNY 52.45

ШҚО-да саяжай иесінің әрекеті дала өртіне соқтырды

2018 жылдың 23 шілде 2018 19:47 493

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында саяжайдың түтіні 170 гектарлық дала өртіне себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Глубокое ауданының  Кожохов ауылының шетінде басталған өрт 170 гектар аумақты қамтыған. Оны ауыздықтауға төтенше жағдай қызметінің өкілдерінен бөлек 300-ге жуық ерікті жұмылдырылды.

«Өртті ауыздықтауға жеке құрамның 36 маманы  тартылды. 300-ге жуық ерікті көмектесті. Жергілікті шаруа қожалықтары техникаларын ұсынды. Жердің тастақты әрі бұта-қарағанды болуы көп кедергі келтірді», - дейді аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы Алексей Оградов.

Қызыл жалынды ауыздықтауға 12 сағат уақыт кеткен. Дегенмен, өрт ұшқыны әлі қылаң беріп, қауіп төндіруде. Қазір өрт шалған аумаққа өрт сөндірушілерден күзет қойылды.



null


null

null

null

null

 

Жоғары қарай