Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

ШҚО-да сарбаз тілсіз жаудан адамды құтқарып қалды

2019 жылдың 1 қазан 2019 20:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Ұлттық ұлан сарбазы - ефрейтор Руслан Еркебаев тілсіз жаудан адамды құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 3500 гектар аумақта құрғақ шөп өртеніп жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД, Ұлттық ұлан әскери бөлімінен 30 сарбаз мен жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары жұмылдырылған еді.

«Өздеріне бөлініп берген Қоңыар-Әулие қонақ үй кешенінің ауданында тілсіз жауды ауыздықтау барысында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 68303 әскери бөлімінің құтқару ротасының командирі, ефрейтор Руслан Еркебаев ер адамды құтқарып қалды. Түнгі уақытта Ұлттық ұлан сарбаздары жаяу қалпы өртті сөндіріп жүрген кезде кенеттен оларға қарсы жел соққан. Өрт ошағын қоршай тілсіз жаумен күресіп жүрген кезде Ұлттық ұлан сарбаздарына жақын жүрген ауыл тұрғындарының бірінің киімін өрт шалып, қауіпті жағдай туындаған. 1989 жылғы Ораз Ақанов атты азаматтың қауіп ұшында тұрғанын көрген Руслан Еркебаев қызыл жалынның үстінен секіріп өтіп, отыздағы жігітті аман алып қалды. Ақановқа бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспаөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Қазіргі уақытта Абай ауданында Ораз Ақанов ауруханада ауыр халде жатқаны хабарланып отыр.

Бағдат Амангелдінің хабарлауынша, үш тәуліктің ішінде Ұлттық ұлан сарбаздары 122 шақырымға дейін созылған өртті сөндірген.

Жоғары қарай