Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

ШҚО-да мешітте өтетін отбасылық іс-шараларға шектеу қойылды

2020 жылдың 16 наурыз 2020 12:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында отбасылық және салт-дәстүр іс-шараларына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Облыстағы діни конфессия өкілдерімен кездесу өткіздім. Ел ішінде жарияланған төтенше жағдай аясында енгізілген уақытша шектеу шараларын талқыладық. 16 сәуірге дейін отбасылық және салт-дәстүр іс-шараларын (мешіттерде, шіркеулерде және басқа да діни ғимараттарда жүргізілетін діни шаралар) өткізуге шектеу енгізілді», - деді әкім.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанда бүгін сағат 08.00-ден бастап 15 сәуір 07.00 дейін төтенше жағдай жарияланған.


Жоғары қарай