Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

ШҚО-да құтқарушылар Үлбі өзенін квадрокоптердің көмегімен бақылап отыр

2019 жылдың 4 сәуір 2019 23:36

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында құтқарушылар Үлбі өзенінің жағалауын квадрокоптердің көмегімен бақылап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өзендегі жағдайды бақылаумен Шығыс Қазақстан өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару отряды, Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруда. Өзенде қазіргі таңда су еркін ағып жатыр. Алайда Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында кептеліс пайда болған.

«Үлбі ауылының төменгі жағында 7 км қашықтықтан квадрокоптердің көмегімен Үлбі өзенінде аздаған кептелістің пайда болғандығы байқалды. Оның ұзындығы шамамен 500 метр де ені 40 метр. Мұздың қалыңдығы қазір орташа алғанда 20-50 см аралығында. Мұз ақырындап еріп жатыр, сол себепті жергілікті тұрғындарға одан келер қауіп жоқ. Су мұз астында жатыр»,-деп түсіндірді жағдайды Шемонаиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерік Тойбаев.




Өзеннің қауіп тудыруы мүмкін бөліктерінде тәуліктік кезекшілік қойылды.




Жоғары қарай