Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

ШҚО-да куәлігі жоқ жүргізуші қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдаған

2019 жылдың 10 тамыз 2019 13:13 84

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде жүргізуші құқығынан айырылған адам қоғамдық көлік тізгіндеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, Өскеменде өткен жедел алдын алу іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізуші құқығынан айырылған адамның №4 маршруттық автобусын тізгіндеп келгенін анықтады.

«Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус арнайы автотұраққа қойылды. Олқылыққа жол берген кәсіпорын автобус иесін жауапқа тарту мәселесін қарастыруда», - делінген хабарламада.

Жоғары қарай