Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

ШҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты қандай жолдар жабылды?

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 19:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының кейбір жолдарындағы жекелеген учаскелерде ауа райының қолайсыздығына байланысты (жауын-шашын, қар құрсауы, көктайғақ, боран және жолдың көрінбеуіне байланысты) көлік құралдарының қозғалысы үшін жол жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолайсыз ауа райына байланысты көлік құралдары үшін ШҚО-ның бірқатар жолы жабылды:

1. «Семей-Қайнар», (8-266 шақырымы);

2. «Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы», (34-123 шақырымы) (Предгорный ауылынан Ресей шекарасына дейін);

3. «Алматы – Өскемен», (971-1068 шақырымы) (Қалбатау ауылынан Қ.Қайсенов ауылына дейін);

4. «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» (Аягөз қаласынан-боғаз ауылының бұрылысына дейін);

5. «Өскемен – Риддер» (15-105 шақырымы) (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін) тіркемесі бар, жартылай тіркемесі бар жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін;

6. «Секисовка – Шемонаиха» (0-54 шақырымы);

7. «Өскемен – Тарғын – Самарское» (88-145 шақырымы) (Тайынты ауылынан –Самарское ауылына дейін);

8. «Шар – Бақыршық» (0-42 шақырымы);

9. «Бақыршық – Борсақ» (0-18 шақырымы);

10. «Борсақ – «Алматы – Өскемен» тас жолына дейін (0-12 шақырымы).

11. Ермаковка ауылына кіреберіс (0-10,5 шақырымы).

ШҚО патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге елдімекендер аумағында да жол ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Жүргізушілерге жеке көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде қалдырмауды сұрайды, бұл арнайы жол техникасының өтуіне кедергі келтіріп, жолдан қарды уақытылы тазартуды қиындатады.

Жолда қиын жағдайға тап болған барлық адам тәулік бойы ішкі істер органдарынан көмек сұрап, 102 жедел нөміріне қоңырау шала алады. Қызметкерлер барлық көмек түрлерін көрсетуге тырысады, қажет болған жағдайда техникалық қызметке қоңырау шалуға немесе мобильді стационарлық жылыту пункттеріне апарады.

Қала сыртындағы автомобиль жолдарының жағдайы мен енгізілген шектеулер туралы келесі телефон нөмірлері арқылы тәулік бойы ақпарат алуға болады:

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімі: - 777-081, 776-005

«Қазавтожол» ЖШС ШҚО филиалының диспетчері: - 262808, 240898, 8-777-535-89-08.

«Облшығысжол» КМК диспетчері: - 574252, 8-771-086-55-43.


Жоғары қарай