Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

ШҚО-да бес күн ішінде 20-ға жуық интернет-алаяқтық фактісі анықталған

2020 жылдың 25 ақпан 2020 14:54

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында 18 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сенсек, Өскемен қаласының 29 жастағы тұрғыны алаяқтық жолмен басқа адамның атына нәсие ресімдеген. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, Семей қаласында әйел адам жалға пәтер беремін деп интернетте хабарландыру жариялаған. Бұған сенгендер оған ақша аударып жіберіпті. Алайда олжаға кенелген алаяқ сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

«Бес күнге созылған жедел алдын алу шарасы барысында 18 интернет-алаяқтық фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын жасалған 20-дан астам алаяқтық ісі ашылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына интернетте өте сақ болуды, ақпараттың шынайы екеніне көз жеткізбей жатып өзіңіз туралы жеке мәліметтер мен қаржы аударудан аулақ болу керектігін ескертеді.


Жоғары қарай