Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

ШҚО-да ауқымды спорт пен өнер фестивалі басталды

2019 жылдың 15 маусым 2019 09:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ырғызбай Досханаұлының туған жерінде өтіп жатқан «Тұғыры биік Тарбағатай» халықаралық фестивалі әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар мен тіл жүйріктерінің басын қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фестиваль аясында үшінші облыстық ақсақалдар форумы өтті. 14 маусым күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына келіп, ақсақалдармен кездесті. Аймағымыздың барлық аудан мен қалаларынан 50 ақсақал келіп, жастар тәрбиесі мен қазақ елінің салт-дәстүрін дәріптеу мәселелерін талқылады.

Фестиваль аясында жеті жыл қатарынан қазақша күрестен Гран-при халықаралық турнирін өткізу дәстүрге айналып отыр. Биыл 30 мемлекеттен балуандар күш сынасты. Бірінші күні балуандар салмақ өлшеуден өтіп, 70, 80 және 80 келіден жоғары салмақта сынға түсті.

«Халықаралық Гран-приге бірнеше жыл қатарынан қатысып келеміз. Осы жолы Өзбекстанның 3 чемпионы 70 және 90 келі салмақта еліміздің намысын қорғайды. Бүгін мықтылар анықталады. Барлық қатысушыларға жеңіс тілейміз»,- деді Өзбекстан командасының өкілі Шавкат Мирзакулов.




Облыс әкімі басшысы қазақ күресінен спорттық жарыс көшпенділердің халықаралық ойындарына енгізу қажеттілігін атап өтті.


Айта кетсек, бүгін Ақсуат ауылында қазақ күресінен әлемнің 90 спортшысы үлкен додаға түседі. Алғаш рет жарысқа Италияның спортшылары қатысады. Сонымен қатар «Qazaq promotion» компаниясының және әйгілі боксшы Қанат Исламның ұйымдастыруымен кәсіпқой бокстан турнир өтеді.





Жоғары қарай