Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ШҚО-да алтынмен апталған бұғының бастары табылды

2019 жылдың 11 шілде 2019 09:35

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы жайлауында кең ауқымды археологиялық қазбалар жүріп жатыр. Былтыр «Алтын адам» табылған аумақтан биыл алтынмен апталған бұғының бастары шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Елеке сазында айналасы 25 шақырымға жайылған қорымдар кешені зерттеліп жатыр. Жаңа табылған жәдігерлерді облыс әкімі Даниал Ахметов көріп қайтты. Белгілі археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев бастаған жеті топ және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік академиясының экспедициясы сыртынан сынтастармен қоршалған қорымдар кешеніне «Патша қорғаны» деп ат қойыпты. «Патша қорғанынан» табылған жәдігерлердің арасында мүйізі алтын сымнан өрілген бұғы басының ұсақ пішіндері бұл өлке үшін тың туынды болып отыр.



null

«Елеке сазы ескерткішінен өткен жылы «Алтын адам» табылса, биыл да өте қызықты заттар тауып жатырмыз. Олар біздің заманымызға дейінгі VІІІ ғасырдағы ата-бабаларымыздың мәдениетін, тұрмыс-тынысын көрсетеді. Бұлар тек алғашқы табылған мұралар, қалғандары осы айдың соңында, тамыздың басына қарай болып қалады», - дейді Зейнолла Самашев.



null

Әбдеш Төлеубаевтің айтуынша, екі аптадан кейін «Сардар-1» үлкен жерлеу камерасы ашылады. Зерттеу жүргізіліп жатқан бұл қорымда бірқатар көне медициналық құралдар, сонымен қатар, ерте сақ кезеңіне жататын тас пышақтар бар.

Облыс әкімі аталмыш жәдігерлер алдағы уақытта Еуропа төрінде ұйымдастырылатын көрмелерге қойылатынын айтады.

«Бұл - Қазақстан тарихына жаңа көзқарас. Халқымыздың тарихын қайта жаздыратын тың мұралар. Біздің тек көшпелі ел болмағанымызды айқындайды. Ата-бабамыздың біздің заманымызға дейінгі VІІІ ғасырда жоғары деңгейдегі өркениетті қалыптастырғанын дәлелдейді. Терең білім мен технология тілін білгенін көрсетеді. Оны біз бүкіл әлемге көрсетуіміз керек. Келер жылы «Ұлы дала алтындары» көрмесін Стамбулда, ал 2020 жылы Англияның музейлерінің бірінде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», -Даниал Ахметов.



null

«Патша қорғанының» жанынан қазылған ұсақ қорымдардың ішінде әр сипатта жерленген адам сүйектері табылған. Әсіресе, басына тас жастық қойып, бірге жерленген ана мен баланың сүйегі де зерттеушілердің назарына ілігіп отыр.



null

«Тағы бір молада жасөспірім баланы бесік сұлбасында жасалған тасқа салып жерлеген. Бұл шамамен қола кезеңінің мәдениетіне жатады. Оның қасында қойдың еті салынған керамикалық құмыра бар. Құмыраның өзі ерте сақ дәуіріне келеді. Ал үшінші ескерткіш шамамен үйсін, құлажорға мәдениетіне жақын. Ер азаматтың сүйегінің қасында пышақ, құмыра, сондай-ақ, құйрық май қойылған. Оған дәлел құйымшақтан қалған қалдық», - дейді археолог Зейнолла Самашев.



null

«Елеке сазы алқабында біздің заманымызға дейінгі VІІІ ғасырдан біздің заманымыздың VІІІ ғасырына дейінгі аралықты қамтыған үзілмеген байланыс жатыр. Сөзсіз, жұмысты бітіргеннен кейін бұл алқап халқымыздың мақтанышы болады. Сондай-ақ, мұнда Азиядағы жалғыз «Қаған» кешенін зерттеп жатырмыз. Біз Монғолияда табылған Білге қаған, Күлтегін кешендерін білеміз. Елеке сазында табылған бірегей кешен соның сызбасын қайталайды. Жақын арада біздің екі мықты ғалымымыз әлемге жаңа Қазақстанды паш етеді деген сенімдемін», - дейді Даниал Ахметов.



null


null


null


null


null


null


null

Жоғары қарай