Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы тұрақты

2020 жылдың 10 сәуір 2020 19:07

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде арзан бағада азық-түлік саудалайтын 79 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Бұл жайлы ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз брифингі барысында облыстық Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьева мәлім етті.

«Жергілікті атқарушы билік өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына мониторинг жасауда. Жыл басынан бері аймақтағы сауда орындарында нан, орамжапырақ, қант, сиыр еті мен қарақұмықтың бағасы өскені анықталды. Ал қалған тауарлардың бағасы тұрақты», - деді ол.

ШҚО Статистика департаменті мамандарының 2020 жылдың 7 сәуіріне дейін жүргізген мониторингінің қорытындысына сүйенсек, облыстағы әлеуметтік тауарлардың индексі 103,2%-ды құраған. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,6%-ға төмен.


Жоғары қарай